ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПАРА СПОРТТЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

Түркістан облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубы» КММ ұжымында келелі кездесу өтті. Басқосуда мекеме директоры Абай Қазиев спорт клубтың жарты жылда жеткен жетістігін атап өтті. Сондай-ақ, Алматыда 15-22 маусым аралығында пара жеңіл атлетикадан өткен ҚР чемпионатынан олжалы оралған спортшыларды құттықтады. Облыс намысын қорғаған спортшылар ел чемпионатында 13 алтын, 5 күміс,  3 қола медаль алған-тын. 

«Әрбір жетістігіміз бапкерлер мен спортшылардың еңбегі. Атқарылған жұмыстар аз емес, дегенмен жұмысты ширата түсуіміз керек. Барлығымыздың мақсатымыз бір — ол Түркістан облысының пара спортын дамыту. Сондықтан, оқу-жаттығу жиынын өткізу мен жарыстарға бару қаражатын, қажетті құрал-жабдықтармен қамту өз деңгейінде атқарылады», –  деді Абай Ізтілеуұлы.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақкелді Қалыбековтің айтуынша,  спорт клубтың  2 спортшысы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан үздіктерге берілетін (стипендия) алатын болады. Темірбек Тоғанбай мен Мұхан Айтмырзаев –  жеңіл атлетикадан тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында өткен ҚР чемпионатының 1-орын иегерлері.

Келесі кезекте мекеме әдіскерлері — Марат Нұрмаханов,  Дастан Мұсаханов және Нұрдәулет Шарбеков  6 айдың қорытындысы бойынша есеп берді. Марат Биданұлының сөзінше, жарты жылда  спортшылар 15 алтын, 12 күміс,  8 қола медальға қол жеткізген.  Басқосу соңында жаттықтырушылардың ұсыныс-пікірлері де ескеріліп, үстел теннисінен өтетін «Сауран» клубының ашық біріншілігін ұйымдастыру барысы талқыланды.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ. 

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған