ДӘРІГЕР-СТАТИСТ ҚАЗАҚ СПОРТЫН ДАМЫТЫП ЖҮР

2017 жылы Алматыда өткен қысқы универсиаданың алаугері болған азамат Сайрам ауданының тумасы. Аудандық ауруханада дәрігер-статист  болып еңбек етіп жүрген Азизбек Торакулов облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубында жаттықтырушы. Осылайша медицина саласының маманы қазақ спортын дамытуға үлес қосып жүр.

Паралимпиадалық спортқа 2013 жылы қадам басқан. Бала күнінде еркін күреспен айналыса бастаған  ол  16 жыл бұрын жол апатына ұшырап, бір қолынан зақым алған.

«Жол-көлік оқиғасынан кейін өмірге деген қызығушылығым қалмады. Бірақ, ата-анам мен жақындарымның қолдауына рахмет. Бойымды қайта тіктеп, спортқа қайта оралдым.  Күреске жарамсыз болған соң  футболға қатыса бастадым. Аудандық команданың 2-құрамында едім, жаттықтырушым Шымкент қаласындағы паралимпиадалық мектепкегі Арыстанбек ағаймен кездесуге кеңес берді. Содан кейін жеңіл атлетикаға бет бұрып, жүгіруге қатысатын болдым. Бірнеше рет елімізде өткен спартакиадалардың жүлдегері атанып үлгердім. Отбасылық жағдайым үйленгенмін, 2 перзенттің әкесімін»,- деді Азизбек Айбекұлы.

Халықаралық спартакиададағы  жеңісті жолы да жарқын сәттерге толы. Мәселен, 2014 жылы Англияда  IWAS жастар арасында өткен дүниежүзілік 1500 мерт қашықтыққа жүгіруден 3-орын, 800 метр қашықтыққа жүгіруден 3-орын иегері атанған. Бүгінде бапкерлікке бет бұрған жігерлі жан шәкірттерінің де болашағынан зор үміт күтеді. 

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған