Еркін және грек-рим күресінен есту қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Тараз қаласында 25-27 ақпан аралығында тартысты өрбіген турнирде облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының спортшылары қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Спортшылар облыс қоржынына – 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль салды.
Атап айтқанда, грек-рим күресінен Ерман Оңласын чемпион атанса, еркін күрестен 3-орынды иеленді. Ал, Асроров Ихтиёр еркін күрестен 2-орын, грек-рим күресінен 3-орын тұғырынан көрінді. Осы жарыста Мухамеджан Шаполатов 3-орынды қанағат тұтты. Сарыағаштық өрендердің бапкері — Нұрман Арғынбайұлы.
Сондай-ақ, жуырда ғана сурдлимпиадалық дзюдодан Павлодарда өткен балуандар белдесуінде кентаулық Әділет Ерланұлы қола медаль еншіледі. +100 келі салмақ дәрежесіндегі дебюдтық кездесуін нәтижелі аяқтаған спортшының жеке бапкері – Дулат Хамза.
Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.