ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ММА аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Бекзат Жасия Түркістанға ат басын бұрды. Чемпион облыстық Жауынгерлік өнер қауымдастығының құрметті президенті, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор Әбілсейіт Дүйсебаевтың шақыртуымен келген. Келелі кездесуде Әбілсейіт Оразақынұлы мен облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай спортшыны жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.
«Әлем чемпионатында Көк байрағымызды көкке көтеріп, Әнұранымыздың үнін асқақтатқан жеңісіңізбен құттықтаймын. Ел игілігі үшін көтерген жаңа бастамаларыңыз бен тың мақсаттарыңыз орындалсын. Толағай табыстарға жете беріңіз. Өңірімізде спорт саласын дамытуға әрдайым қолдау көп. Соның нәтижесінде өзіңіздей спорт саңлақтары әлемді мықтылығымен мойындатуда», – деді генерал-майор.


Басқосуда спортшы жекпе-жегінің жарқын сәті көрсетілген бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Жиын соңында әлем чемпионына Алғыс хат, сондай-ақ Олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің спорттық киімі табысталды.
Бекзат — Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылының тумасы. 28 жастағы Ұлттық кауіпсіздік лейтенанты бұған дейін спорттағы жолын қалыптастырған. Атап айтқанда, джиу-джитсудан және ММА бойынша Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, грек-рим күресінен спорт шебері.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған