БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ 1-ТАМЫЗДА АЯҚТАЛАДЫ

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінде келелі кездесу өтті. Күн тәртібінде алдағы жаңа оқу жылына байланысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Жиынға мектеп директорлары мен олардың бастауыш сыныптарға жауапты орынбасарлары қатысты.

Басқосуда бөлім басшысы Оразкүл Қолдасова білім саласын көтеру аясында ұсыныстарын атап өтті. Сондай-ақ, балаларды 1-сыныпқа қабылдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысын айтты.

– Өздеріңізге мәлім, 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады. Қолдағы мәліметке сүйенсек, дәл қазір 5203 бала электрондық үкіметтің Еgov.kz веб-порталы арқылы (және қағаз жүзінде) мектептерге қабылданған. Бұл көрсеткішті арттыруға 2 күн уақытымыз бар. Сондықтан, барлығымыз атсалысып, баланы мектепке қабылдау науқанын жоғары деңгейде орындайық,- деді Оразкүл Шайхықызы.

Облыс орталығында 33 мектеп, 21 балабақша бар. Білім ошақтарында дабыл нүктелері, бейнебақылау камералары мен мектеп ішіндегі әжетханалар талапқа сай болуы шарт. Адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері аталған мәселелерді мектеп басшылығына назарға алуды ұсынды.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған