«AMANAT»: ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ БИЛЕТТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында 80 мыңға жуық партия мүшесі болса, биыл 7 айда тағы 1200-ден астам адам мүшелікке қабылданған. Өңірде жалпы 243 бастауыш партия ұйымы бар.

Еске салсақ, партияны трансформациялаудан соң саяси ұйым жаңа атау мен жаңа бағдарлама ие болды. Осыған орай, ескі үлгідегі партиялық билеттерді жаңа үлгіге ауыстыру жұмыстары қарқын алған.

Бүгін облыстық партия филиалында Атқарушы хатшы, Фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаевтың қатысуымен жиын өтіп, партия мүшелеріне жаңа үлгідегі партиялық билеттер табысталды. Партия қатары түрлі сала мамандарынан құралғаны белгілі. Атқарушы хатшы қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласып, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген партия мүшелеріне өз алғысын білдірді.

Қазіргі таңда аймақтық және аумақтық филиалдарда, бастауыш партия ұйымдарында партиялық билеттерді табыстау шаралары өткізіліп жатыр. Сондай-ақ, Орталықтандырылған дерекқор базасында да жаңарту және өзектендіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Бөлісу батырмасы:
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған