Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа табысты қарсы тұруға мүмкіндік береді. Қоғамның қолдауынсыз жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тек ішінара нәтиже береді. Оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал адалдық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.
Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі екендігін түсінгені жөн.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытатын курстармен барлық оқу орындарын, мемлекеттік органдар мен тұтастай алғанда барлық азаматтық қоғамды қамту керек. Сондықтан, Әбдісалан Нұрмаханов атындағы ОРМБЖСМ ұжымында комплаенс қызметі құрылып, қызметкерлер арасында сыбайластыққа төзбеушілік бойынша түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады.
Мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген азаматтық қызметкерлер өз қызметінде өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет мүдделерін қорғауға тиіс. Оған қоса сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуында сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жол бермеуге, мемлекеттік қызмет мүдделеріне залал келтіретін қадамды болдырмауға да барынша атсалысуы қажет.
Дархан Абдуламитов,
«Түркістан облыстық Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК заңгері, комплаенс офицері.