Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан «Жалын» ерікті жастар клубы құрылды. Клубтың ашылу рәсіміне Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков арнайы қатысып, ерікті жастардың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Клубтың мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ауған соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әлеуметтік аз қамтылған отбасылармен тығыз қарым-қатынаста болып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек қолын созу. «Жалын» ерікті жастар клубы – «Сабақтастық», «Саулық», «Таза әлем», «Асыл мұра», «Қамқор», «Білім», «Үміт» сияқты 7 бағыт бойынша жұмыс атқаратын болады.
Бөлісу батырмасы: