Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде «Жасмин» мектеп-балабақша кешені ашылды. 200 орындық мектеп-балабақшаның мектебінде бастауыш 2 сынып, балабақшасында 5 топ бар. Нысан жеке кәсіпкер Атахан Файзиевтің өз қаражаты есебінен салынған.
Оған қоса, дәл осы Сауран ауданының Жүйнек ауылында «Заңғар М» мектеп интернатының ашылу салтанаты өтті. Құны 280 млн теңге тұратын мектеп-интернат жеке кәсіпкер Ержан Мұстафаевтың өз қаржысы есебінен салынған. Мектеп-интернат 400 оқушыға лайықталған. Онда 70 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделген.
Қос нысанның да ашылу салтанатына аудан әкімі Ғани Рысбеков қатысты. Аудан басшысы жергілікті тұрғындарды құттықтап, жаңа нысандардың лентасын қиды.
Бөлісу батырмасы: