Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жетісай ауданының №20 жалпы орта мектебінде Тұрар Рысқұловтың бюсті ашылды. 1937-1938 жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш арыстарының бірі Тұрар Рысқұловтың туғанына биыл 127 жыл.
«Бұл ескерткішті осы мектепте оқитын бүлдіршіндеріміз өткенінен өнеге алып, Тәуелсіздіктің қадірін түсінсін, ұғынсын деген мақсатта орнаттық. Бұл іске мектеп ұжымы мен мектеп түлектері атсалысты»- деді Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектебінің түлегі, аудандық мәслихат депутаты Марат Қалтұрсынұлы.
Шараны ұйымдастырған №20 жалпы орта мектебінің ұжымы қазақ зиялыларының көшбасшысы бола білген тұлғаның есімін ұлықтау – жасөспірімдердің бойына ұлтжандылықты ұялататындығын айтты.
Бөлісу батырмасы: